15-16 қараша Астанада «Eco-day» акциясы өтеді
15-16 қараша Астанада «Eco-day» акциясы өтеді
10 жыл бұрын 4467 baq.kz

2014 жылдың 15-16 қарашасында Астанада «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы «ЭКО пакет» жобасы аясында «Eco-day» акциясын өткізбек.

«Eco day» акциясы аясында «Galmart» супермаркетінің сатып алушыларына пластикалық пакеттен бас тартып, орнына көпреттік пайдалануға арналған матадан жасалған дорба ұсынылмақ. Одан бөлек, супермаркет клиенттеріне пластикалық пакеттердің қоршаған ортаға тигізер зияны туралы ақпарат берілмек.

«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы белсенділері халық санасында қоршаған ортаға жанашырлық сезімін тудырып, жаңаша экологиялық ойлауды қалыптастыруды мақсат етіп отыр. Бұл тұрғыда олар «Эко пакет» жобасы тиімді құралдың бірі болуы тиіс екеніне сенімді.

Айта кетейік, жыл сайын әлемде триллиондаған пластик пакет өндіріледі. Бір пакет орта есеппен әдетте тек 30 минут ғана пайдаланылып, қоқысқа тасталады. Бұдан соң, пластик пакеттің қоқыс үйінділерінде шіріп, жоғалуы үшін 500 жылға жуық уақыт кетеді екен. Бұл орайда оның қоршаған ортаға тигізер зияны орасан екені түсінікті. Оған қоса, пластик пакеттердің өндірісіне жыл сайын әлемде өндірілетін мұнайдың 4% пайызы жұмсалады. Пакеттерді қайта өңдеуден өткізіп, пайдалану өнімнің өзіндік құнынан да қымбатқа түсетіні себепті қайта өңдеуден гөрі жаңасын өндіру тиімді.

0 пікір
Мұрағат