Викингтердің көне қорымынан «Алла үшін» деген жазуы бар жүзік табылды
|
Стокгольм университетінің ғалымдары викингтердің IX ғасырдағы көне қорымынан «Алла үшін» деген арабша жазуы бар жүзік тауып алды. Бұл жәдігер Швецияның Бирка қаласындағы викингтердің сауда орталығын аршып алу жұмыстары кезінде табылды. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі Science News басылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Осыдан мыңнан аса жыл бұрын жасалған жәдігер викингтер мен мұсылмандар арасында байланыстың болғанын көрсетеді. Қарт тарихтан белгілі болғандай, викингтер шыны шалғай жерлерден алдыртқан екен. Алайда, бұл жүзік мұсылман елдері мен теңізге шыққан жұрттар арасында сауда айналымы болғанын дәлелдей түседі. Археологтар алғашқыда жүзіктің тасын күлгін түсті аметистен жасалған деп топшылаған екен. Артынан электронды микроскоппен сараптамадан өткізгенде оның сол уақытта сирек кездесетін түрлі түсті шыныдан жасалғаны белгілі болды. Көне жазбалардағы дерекке қарағанда осыдан 3400 жыл бұрын скандинавтықтар шыныны Мысыр мен Месопотамиядан алдырған. Аталмыш жәдігердің ерекшелігі мен құндылығы сонда, сол уақытқа тән ескерткіштер арасында арабша жазуы бар мұндай жәдігер кездеспейді.