Ұялы телефонның жарығымен ота жасады
Ұялы телефонның жарығымен ота жасады
10 жыл бұрын 3328

Оңтүстік өңірлік жүрек-қан тамырлары ғылыми орталығының директоры профессор Қалдарбек Әбдіраманов Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасына таңқаларлық бейнежазба орналастырды. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.

Онда ауруханада электр жарығы сөніп қалғандықтан дәрігерлердің хирургиялық операцияны ұялы телефон және қол шамның жарығымен жалғастыруға мәжбүр болған сәті көрініс тапқан.

Профессор өзінің бұл әрекетін ерлік деп бағаламайтынын айтады. "Бұл қылмыс па, әлде ерлік пе? Бұған жауап беру қиын. Не істеуіміз керек еді? Тәуекелге бел буып отаны жалғастырғанымыз дұрыс па, жоқ байбалам салып операциялық бригаданы аяғынан тік тұрғызғанымыз ба? Мұндайда жүздеген науқастың өміріне қауіп төндіре отырып, отаны тоқтату керек пе?" - деп жазды ол.

Бұдан бұрын Қырғызстан үкіметі биыл судың аздығына байланысты елдің энергетика саласы дағдарыс алдында тұрғанын хабарлаған еді. 

0 пікір
Мұрағат