Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, PhD Қайрат Жолдыбайұлы «Құрмет» орденімен марапатталды
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, PhD Қайрат Жолдыбайұлы «Құрмет» орденімен марапатталды
4 жыл бұрын 7754

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Нұр-Мүбарак университетінің аға оқытушысы, islam.kz порталының бас редакторы, PhD әрі Нұр-Мүбарак мешітінің бас имамы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Қайрат Жолдыбайұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Нақтыласақ, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына, ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан орасан үлесі, қоғам өміріндегі белсенділігі үшін бірқатар ел азаматтары мемлекеттік марапаттарға ие болды. Өнеркәсіп, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, әскери, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев марапат иелерінің әрқайсысын шын жүректен құттықтап, шынайы сенімін білдірді!  

Дереккөз: nmu.kz/
Дайындаған: Айша Кеңес

 

 

0 пікір
Мұрағат