Ұлт және ұлағат: Әлемдегі ең үлкен киіз тігілді (фото, видео)
Ұлт және ұлағат: Әлемдегі ең үлкен киіз тігілді (фото, видео)
10 жыл бұрын 5798

Ел аузында «Қазақ кестесінің мекені» атанған Қытайдың Санжы Облысына қарасты Мори қазақ автономиялы ауданында әлемдегі ең үлкен киіз үй жасалып, алып сырмақ тігілді. Бұл жайында Baq.kz хабарлап отыр.

Қытай журналистері жарыса жазған жаңалықтарға сүйенсек, Шыңжаңның Мори ауданында тігілген киіз үйдің жалпы көлемі 1175 m², биіктігі 18,5 метр болып, күлдіреуіштен басқұрға дейін 13,5 метрді құраған. Керегесінің биіктігі 5 метр, уықтың ұзындығы 6 метр болған алып ақ орданың шаңырағының диаметрі 8,5 метр екен.

Ал, таза ағаштан жасалған киіз үйдің төріне салынған сырмақтың диаметрі 32 метр, айналма ұзындығы 101 метр ұзындықта болып жалпы көлемі 803,8 m²-ді құраған. Оған 2000 адам малдас құрып отыруға болады.

Мори аудандық үкіметінің қолдауымен сондағы «Меруерт» кестешілік кооперативі шеберлерінің қолынан шыққан киіз үй мен сырмақты дайындауға 5 млн. юаннан (шамамен 850 мың АҚШ доллары) аса қаражат жұмсалған. «Меруерт» кестешілік кооперативінің басшысы Азат Әбейұлының айтуынша тек сырмақты тігуге 32 адам 3 ай уақыт жұмсаған.

ОҚО тұрғыны жеті метр жер астынан этномұражай ашты (фото) 

Кендебай Қарабдалов тоғыз ай өзі жер қазып, жеті метр тереңдікте ғибадатханасы бар этномұражай ашты. Отыз жылын сарп етіп, халықтың қыш құмыра жасау дәстүрін жаңғыртты.

Он жеті музыкалық аспапта ойнайтын өнерпаз саз балшықтан сазсырнай жасап шығарды. ОҚО-ның танымал, ерекше өнерлі тұрғыны жайлы NUR.KZ тілшісі ізденіп көрген еді. 

Photo: ОҚО тұрғыны жеті метр жер астынан этномұражай ашты (фото)

Кендебай аға отбасымен Шымкентке 1996 жылы Отырар ауданынан көшіп келген. Тиісті құжаттарын дайындап, этномұражай ашуға бел буып, білек сыбана кіріскен. 8 жылдан бері мұражай жұмыс iстеп келедi.

Photo: ОҚО тұрғыны жеті метр жер астынан этномұражай ашты (фото)

Онда Кендебай ағаның қолынан шыққан әртүрлі бұйымдарды тамашалауға болады. Сондай-ақ Отырартөбе қалашығында, басқа да жерлерде археологиялық қазба жұмыстарына қатысқан кезінде табылған ерекше жәдiгерлерді де Кендебай аға көзінің қарашығындай сақтап отыр.

Photo: ОҚО тұрғыны жеті метр жер астынан этномұражай ашты (фото)

«Қағаз жоғалып немесе сарғайып кетеді. Алтын да ерiтiлiп, өзгереді. Ал көзедегi бедерлер өшпейдi. Ешуақытта. Көнеден жеткен осы ерекшелiктi өз жұмысыма пайдаланамын», – дейді қолөнерші.

Кендебай аға үйiнiң алдына саз илейтiн, одан балшық күйiндегi қалыпта әзiрленген құмыраларды, сырнайды отқа күйдiретiн жерошақ орнатып, кешендi шеберхана да ұйымдастырған.

Photo: ОҚО тұрғыны жеті метр жер астынан этномұражай ашты (фото)

Яғни мұражайға келген қонақтарға әр бұйымның, сазсырнайдың, құмыраның қалай жасалатынын көрсетіп береді. Қызығушылық танытқандарға үйретеді де.

Ол Туризм және спорт министрлiгiмен тығыз байланыста. Бiздiң өңiр Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан, 2009 жылы мұражай ЮНЕСКО бекiткен халықаралық бағыттардың бiрнеше бағдарламасына енгізіліпті.

Photo: ОҚО тұрғыны жеті метр жер астынан этномұражай ашты (фото)

Сондай-ақ «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Республика мәртебесi» атты деректi фильм түсiрiліп, бұл хабар бүкiл әлемге үш тiлде таратылған. Зер салып қарасаңыз, мұражайдың сырты жауын-шашыннан мүжiлген.

Сөйтсек ескі заманның көрінісін көз алдыңызға алып келу үшін қолдан әдейі жасапты. Ғаламтор арқылы этномұражай жайлы деректерге қанығып, Америкадан, Франциядан, Жапониядан, т.б. әлемнің әр елінен ат сабылтатындар бар.

Photo: ОҚО тұрғыны жеті метр жер астынан этномұражай ашты (фото)

Еліміздің басқа өңірлерінен де арнайы іздеп келетіндер көп. Ал бізде ше? Шымкентте 90-ға жуық мектеп бар болса, соның 5-6-ның оқушылары ғана барып, қонақ болып қайтқан көрінеді.

Photo: ОҚО тұрғыны жеті метр жер астынан этномұражай ашты (фото)

«Егер мемлекет тарапынан қаржы бөлінсе, бұл мұражайдың мүмкіндігін, қазақ этнографиясының мүмкіндігін бұдан да жоғары деңгейге көтерер едім. Бірақ өкінішке қарай, бізде этнографияға көп басшылар назар аудара бермейді. Өйткені бәрі жоғарыдан бұйрық күтеді. Ал бұйрық бермесе істемейді. Ағаштың тамыры басында болмайды ғой. Жерде болады. Төменнен басталады. Тамыр деген сөз – тарих. Ата бабаның тарихын, дәстүрін, мәдениетін тірілтуге, мемлекет аямай қаржы бөлсе, далаға кетпейді», – дейді Кендебай аға.

Photo: ОҚО тұрғыны жеті метр жер астынан этномұражай ашты (фото) 

Бұдан жиырма жылдай бұрын Кендебай Қарабдаловтың суретшілік қырымен аты шыққан еді. Бейнелеу өнерiнiң графика, акварель жанрларымен айналысты.

Майлы бояумен кенепке салған кескiндемелерi білікті мамандардың тарапынан жоғары бағаға ие болып,  «Көкмардандағы ескi қала орны», «Арыс жағасында», «Таң алдында» деп аталатын полотнолары бiрқатар көрмелердiң бәйгесiн жеңіп алды.

Бiрақ кейін бұл өнердi қойып, саздан бұйымдар, ағаштан қобыз, қамыстан сырнай, терiден даңғыра жасауға бет бұрды. Шымкент қаласының «Тұрлан экспедициясы» шағынауданында орналасқан этномұражай Қарабдаловтың ғана емес, өнерлі ұлттың жетістігі болып отыр.

Photo: ОҚО тұрғыны жеті метр жер астынан этномұражай ашты (фото)

Photo: ОҚО тұрғыны жеті метр жер астынан этномұражай ашты (фото)

Қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» деген сөзі Кендебай ағаға арналып айтылғандай. Арнайы музыкалық білім алмаса да қобыз, саз сырнай, шаңқобыз баян т.б. сынды он түрлі аспапта еркін ойнай алады. Көп аспаптарды ағаштан жонып, өзі жасай береді.
Photo: ОҚО тұрғыны жеті метр жер астынан этномұражай ашты (фото)

1986 жылы он ойықты етіп жасаған сазсырнайы бүкіл әлемге танытты Кендебай ағаны. Сазсырнайды жасауға жергiлiктi этнограф Асантай Әлiмовтiң Отырартөбеден тауып алған, үрмелi музыкалық аспапқа жататын екi тесiктi саз сырнайы себепкер болыпты.

Сосын Х ғасырға жататын бұл музыкалық аспапты жетiлдiрудi ойлайды.

Photo: ОҚО тұрғыны жеті метр жер астынан этномұражай ашты (фото)

Халықтық музыка аспаптарын зерттеушi Болат Сарыбаевтың жасаған алты ойықты саз сырнайымен таныс болған Кендебай аға он ойықты етіп жасауға тәуекел етті. Жасап та шықты.

Оған «Отырар уiлдегi» деген ат береді. Тұсауын қазақтың біртуар перзенттерi Өзбекәлi Жәнiбеков пен Нұрғиса Тiлендиев кес-кен сазсырнай 1988 жылы Мәскеуде 155 елден 255 ұлт пен ұлыс қатысқан бiрiншi дүниежүзiлiк халықаралық фольклорлық фестивалінде бас жүлденi жеңiп алды.

Photo: ОҚО тұрғыны жеті метр жер астынан этномұражай ашты (фото)

Photo: ОҚО тұрғыны жеті метр жер астынан этномұражай ашты (фото)

Photo: ОҚО тұрғыны жеті метр жер астынан этномұражай ашты (фото)

Осы күні саздан құмыра, ыдыс-аяқ жасау — қазақтың ежелгі ата кәсiбi болғанын, көне Отырар, Сауран қалаларының қирандысынан табылған үлгiлер бойынша дәлелдеп, Кендебай аға 2005 жылы әдiлет органына тiркетiп, авторлық куәлiк те алды.

Ол барлық жиған-тергендерімен, тәжірибесімен жас ұрпақпен бөлісу үшін кітап шығармақ ниетте. Сондай-ақ ЕХPO-2017 көрмесіне қызу дайындыққа кіріскен.

Суреттер Кендебай Қарабдаловтың жеке мұрағатынан алынды.

0 пікір
Мұрағат