Үйінде түнеп жүріп-ақ отан алдындағы әскери борышын өтейтін жүйе енгізілмекші
Үйінде түнеп жүріп-ақ отан алдындағы әскери борышын өтейтін жүйе енгізілмекші
5 жыл бұрын 3040 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

«Күнді әскер қатарында, ал түнде үйде» - Эстонияда осы күзден бастап әскер қатарына шақырылғандарға Отан алдындағы әскери борышын осылай өтеуге мүмкіндік бермек. Бұл жайында эстондардың Postimees ақпарат көзі хабар таратты. Бұл тәжірибе жаяу әскерге қолданылып көрді, ендігі жерде барлық әскерге енгізеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, аталмыш тәжірибе Скаут батальонында жүргізілді. Десе де бұрынғы әскери міндеттердің кейбірі сол күйі өзгеріссіз қалдырылды: бөлімшені кезекшілікте тұрғындарға бұйрықсыз тастап кетпеуі тиіс. Әскери машыққа үйреніп үлгермегендер, тәртіп бұзғандар, т.б. жаза ретінде кезекшілікте қалып, үйлерінде түней алмайды. Сондай-ақ, бұл тәртіп әскери бөлімше аумағынан кеткісі келмейтіндерге немесе әскери борышын өтеп жүрген жерінен үйі қашық сарбаздарға да қатысты.

0 пікір
Мұрағат