Священник мұсылманды қалай құтқарды?
Священник мұсылманды қалай құтқарды?
10 жыл бұрын 3312

Священник Бернард Кинви өзі қызмет ететін шіркеуде «Анти-балака» радикалды христиан ұйымының содырларынан қашқан жаралы мұсылман әйелдері мен балаларды паналатты. Етегіне жабысқан 14 жастағы мұсылман баласын басын қатерге тігіп, төніп тұрған ажал аузынан аман алып қалды. Содырлар баланы тартып алмақ болғанда священник: «Егер оны өлтіргілерің келсе, алдымен мені өлтірулеріңе тура келеді», - деді пастор. Орталық Африка республикасында осы қантөгіс басталғалы бері 32 жастағы священник содырлардан қашқан талай мұсылманға қолұшын созып, Боссемптел қаласындағы өзінің католик шіркеуін баспанаға айналдырған болатын. Ол зомбиге айналған немесе есірткі қолданып, естерінен айырылған содырлармен келіссөз жүргізуге қанша тырысқанымен бұл әрекетінен әлі нәтиже шыққан жоқ. «Жасырмаймын, қатты қорыққан кездерім де болды. Әйтсе де, өмірім қыл үстінде тұрса да өз-өзіме оларға көмектесуге серт берген едім», - деді ол The Independent ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. Екінің бірі бара бермейтін оның ерлігі қуғын-сүргінде жүрген мұсылмандарға дем беріп, жігерін жаныды. Көпке айта жүрерлік үлгі бола білді. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы оны марапаатқа ұсынған екен. Өткен аптада священник Лондон қаласында ерлігі үшін марапатталды.

0 пікір
Мұрағат