|
Sohar ислам банкі ғаламтор арқылы да қызмет көрсететін болады
|
Жуырда ғана клиенттеріне SMS-сервисін ұсынған Оманның Sohar ислам банкі ендігі жерде электронды банк қызметін қолға алады. Бұл өз кезегінде клиенттерге тәулік бойы, яғни, 24 сағат бойы банк қызметін пайдалануына мүмкіндік береді. Sohar-дың онлайн-банкингі арқылы клиенттер әлемнің кез келген түкпірінде және кез келген уақытта өз шотын тегін пайдалана алатын болады. Тек Sohar-дың жақын арадағы бөлімшесіне барып, тіркелсе жетіп жатыр. Аталмыш қаржы мекемесінің басшысы Мұхаммед Харистің айтуынша, банк мұнымен ғана шектеліп қалмай, ипотека, депозит, жинақ есеп-шоты, т.б бойынша клиенттерге оңтайлы қызмет көрсетудің барлық мүмкіндіктерін қарастырады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады
■
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді