Сияны арабтар еуропалықтардан 1500 жыл бұрын ойлап тапқаны белгілі болды
Сияны арабтар еуропалықтардан 1500 жыл бұрын ойлап тапқаны белгілі болды
4 жыл бұрын 4246 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ежелгі мысырлықтар темір мен қорғасынды сияны пайдаланған. Ал сия кәрі құрлықта 1500 жылдан кейін Жаңғыру дәуірінде пайда болған. Осылайша арабтар көне өркениетке тән мәдениеттің бастауында тұр. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген француз және дат ғалымдарының Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді балысымында жарияланған мақаласына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мамандар қадым заманға тән папирустардың бірнешеуін, соның ішінде астрологиялық және магиялық трактаттар фрагменттерін зерделеген екен. Аталмыш зерттеу жұмыстары European Synchrotron Radiation Facility (ESRF) жылдам зерттеу кешенінде жүргізілген болатын. Францияның Гренобл елді-мекенінде орналасқан синхротрондық сәулелену кешенінде аса қуатты рентген сәулесенің көмегімен папирустардағы қара және қызыл сияның құрамы анықталды. Белгілі болғандай, ежелгі мысырлықтар сия жасау үшін күрделі технологияны қолданған. Дәлірегі, құрамында темір мен қорғасынды ұштастырған қосындыны пайдаланған болып шықты. Ғалымдар бұл тарапта анықтайтын мәселелер әлі де баршылық: сия құрамында сулфат пен фосфаттың қалай пайда болғанын анықтауы тиіс.

0 пікір
Мұрағат