Шиит босқындары христиандықты қабылдап жатыр. Неге?
Шиит босқындары христиандықты қабылдап жатыр. Неге?
10 жыл бұрын 2988

Германияда Ираннан босқын болып барған шииттер жаппай христиан дінін қабылдап жатыр. Өмір сүруге жайлы осынау еуропалық державада қалып қою үшін. Тарқатып айтқанда, негізінен ауғандық әрі ирандық жүздеген босқын «Берлин Үштігі» деп аталатын евангелиялық шіркеуде христиандықты қабылдады. Бұл жайында IslamNews порталы The Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар  таратты. Христиандықты қабылдаған шииттіктердің көбісі неліктен мұндай қадамға барғандарын жасырмаған: кәрі құрлықтың қақ төрінен ойып тұрып орын тепкен осы мемлекетте біржола қалу үшін екенін ашық айтқан. Мәселен, оларды шоқындыру рәсімінде пастор Готтфрид Мартенс ирандық Мұхаммед Әлі Зунуби есімді босқынға мынадай сауал қойған: «Сен ібілістің айтқанымен жүрмей, оның зұлымдығынан теріс айналамысың? Исламнан бас тартасың ба?» Иранның Шираз қаласында ағаш ұстасы болып жұмыс істеген, екі баланың әкесі атанған ол өз кезегінде мақұлдаған болып, басын изеп, мойнына айшық тағып алды.

0 пікір
Мұрағат