|
Шаш құрамындағы ақуыздардан жасалған паста тіс эмалін қалпына келтірді
|
Лондондаағы королдік колледждің (Ұлыбритания) ғалымдары бүлінген немесе зақымдалған тіс эмалін қалпына келтіруге көмектесетін инновациялық технология ойлап тапты. Бұл арада шаш пен терінің құрамында кездесетін ақуыз – кератин турасында сөз болып отыр. Дәлірегі, кератинді пайдаланатын технология таяу болашақта стоматологияда кеңінен қолданыла бастауы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Advanced Healthcare Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Эмал - организмдегі ең қатты тін болғанымен сүйек немесе шаш сияқты өздігінен қалпына келе алмайды. Эмал зақымдалған жағдайда тіс ауруы асқынады. Ғалымдар бұл тарапта кератиннің түкірік құрамындағы минералмен араласқанда тістің қорғаныш қабатын қалыптастырады, осылайша табиғи эмалдің құрылымы мен қызметін қайталайды. Тістің табиғи қорғаныш қабатының жұқаруын баяулататын құрамында фторы бар әдеттегі тіс пастасынан айырмашылығы - кератин құрылымдық қорғауды және симптомдарды жеңілдетуді қамтамасыз ететін тығыз минералды қабат түзеді. Бұл артықшылық зақымданудың бастапқы сатыларында пломбаларға немесе коронкаларға қажеттілікті төмендетеді. Бұл бағыттағы тәжірибе кезіндеқой жүнінен алынған кератин кристалл тәрізді қаңқа қалыптастырған, соның ішінде біртіндеп кальций мен фосфаттарды тартып, тістің айналасында «өсетін» берік, қорғаныш қабатын түзген. Столматологияда қолданылатын пластик шайырға қарағанда кератин улы емес, яғни, организмге зиянын тигізбейді әрі ұзақ уақытқа жарайды. Бірегей технология немесе экологиялық тұрғыдан таза материал биология мен стоматология арасындағы алшақтықты қысқартуға мүмкіндік береді. Күнделікті тіс пастасы ретінде адам оның игілігін екі-үш жылда көріп қалуы мүмкін. Бұған қоса, бұл технологияның қоршаған ортаға залалын тигізбейді. Синтетиканың орнына биологиялық қалдықтарды пайдалануды ұйғаратындықтан ресурсты үнемдеуге мүмкіндік бермек.