Шариғатқа сай ойын-сауық бағдарламасы ашылуы мүмкін
Шариғатқа сай ойын-сауық бағдарламасы ашылуы мүмкін
10 жыл бұрын 3622

Islam-today ақпарат көзінің хабарына қарағанда, Малайзияның телекоммуникация желісінің атқарушы директоры фильмдер мен көңіл көтеретін ойын-сауық бағдарламаларын шариғат талаптарына сай сертификаттау жөнінде өз ұсынысын білдірді. Бұл өз кезегінде ойын-сауық бағдарламаларын мұсылмандардың еш алаңсыз көруіне жағдай жасайды. Ислам және көңіл көтеру индустриясына арналған, екі күнге созылған семинар барысында телекоммуникаия желісінің атқарушы директоры Сайед Шахрижан Сайед Мұхаммедтің айтуынша, эфирден көрсетілетін барлық фильмнің шариғат талаптарына қаншалықты сай келетіні тексеріліп, арнайы цензурадан өтуі тиіс. Яғни, бейәдеп, атыс-шабысқа құрылған, боғауыз сөздер кездесетін әрі қатыгездікті насихаттайтын фильмдер көрермендерге жол тартуы тиіс емес. Қатаң сүзгіден өткен бағдарламалар ғана көрсетілуі қажет. Ол өз сөзінде көрерменді тарту үшін ашық-шашық немесе әлем-жәлем киініп, экранға шығатындарға тоқсқауыл қоюдың әрі тек пайданы ғана көздейтін шоу бизнеске шектеу енгізудің маңыздылығы мен қажеттілігіне тоқталды.

0 пікір
Мұрағат