Шариғат шәлісін жамылатын әйелдерге арналған құлаққап шықты
|
Шариғат шәлісін жамылатын әйелдер құлаққап кигенде қолайсыз жағдайға тап болатыны бар. Құлаққа ілу былай тұрсын, матаның сыртынан естудің өзі қоласыздық тудыратын. Құлағының мүкісі барлар үшін бұлай құлаққап тағудан асқан қолайсыздық бомайтын. Алыс сапарға шыққанда қасиетті Құран тыңдау үшін немесе өзге мақсатта құлаққап пайдаланып жатамыз. Тіпті, қолымыз бос емес кезде телефонмен сөйлескенде де құлаққап қажет. Шариғат шәлісін жамылатын мұсылман дәрігерлері де стетоскопты пайдаланған кезде қолайсыздыққа тап болады. Міне, осыларды ескерген сингапурдлық дизайнер Адлина Анис «Ниндзя жаңғырығы» деп аталатын өзгеше шариғат шәлісін ойлап тапты. Бұл шариғат шәлісінің ерекшелігі неде дейсіз ғой? Матада арнайы саңылау болады: сол арқылы құлаққапты немесе құлаққа қыстыратын аппараттарды пайдалана аласыз.