|
Қаскүнемнің мешітке от қойғаны камераға түсіп қалды (ВИДЕО)
|
Шотландия полициясы бейне бақылау камерасына түсіп қалған, бет-аузын тұмшалап алып, мешітке от қойған қаскүнемді іздестіріп жатыр. «Бишопбриггс мәдени орталығы» деп аталатын шотланд мешітіндегі бұл оқиға өткен жылдың қараша айының 17-сі күні орын алған болатын. Полиция бұл видеоны енді ғана жариялап отыр. Бұл жайында «IslamNews» ақпарат көзі «The Independent» агенттігіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Өрттен мешітке үлкен залал келсе де, бір тәуірі, ешкім зардап шеккен жоқ. «Бұл саналы түрде жасалған қастандық»,- деп баға берді шотланд полициясының тергеушісі Стивен Кук.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды
■
Тағы бір ел адам тәрізді роботтарды қарулы күштер сапына қабылдайды
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Ислами инвестиция биржаға шығады: Қырғызстан жаңа сектор ашуға дайындалып жатыр