Шағын әңгімелер бәйгесінің жеңімпаздары анықталды!
Шағын әңгімелер бәйгесінің жеңімпаздары анықталды!
10 жыл бұрын 10608

Құрметті оқырман! Сайтымызда төрт айдан аса уақыт бұрын жарияланған шағын әңгімелер бәйгесінің қорытынды кезеңіне де келіп жеттік. Осы уақытқа дейін хат қоржынымызға көптеген әңгімелер келіп түсті. Солардың ішінде қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, кісіге ой салатын мазмұны бай, мағынасы терең, кестелі тілмен жазылған әңгімелерді іріктеп, сайтымызда жариялап отырдық. Айта кету керек, қоржынымызға түскен кейбір әңгімелердің мазмұны терең болғанымен, әдеби тілінің  жұтаңдығы байқалды. Ал енді бірінің әдеби көркемдігі талапқа сай болғанымен, ондағы оқиға желісінің сұйықтығы немесе сенімсіздігі көрініп тұрды. Сондай-ақ, әңгімелерге онлайн дауыс беру барысында да оқырмандардың шығарманың кемшілігі мен жетістігін әділ саралап, талдаудан гөрі бұра тартып, бір жақты баға бергендері де байқалды.  Дегенмен, бәйге шартында айтылғандай соңғы сөз қазылар алқасына тиесілі болғандықтан, олар жүлде иелерін анықтауда мейлінше әділ болуға тырысты деген ойдамыз. Бұл жерде басты мақсат жүлде алу емес, шағын болса да нардың жүгін көтерген әңгімелерге сусаған халықтың шөлін басу болғандықтан, үміткерлердің бәйге нәтижесіне қандай да бір реніштерінің болмайтындығына сенімдіміз.  

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған осынау байқауға атсалысқан барлық ағайынға үлкен алғысымызды білдіреміз! Алла қаласа, рухани тақырыптағы шағын әңгімелер бәйгесі порталымызда жыл сайын жалғасын табатын болады.

Сонымен әділ қазылардың шешімі төмендегідей болды:

Бас жүлде: Қызыл сақа – Есболат Айдабосын

I-орын: Сенің әкең - Абылай Сматуллаұлы

II-орын: Балта – Мақсат Қарғабай

III-орын: Туылмаған сәби - Мейірмангүл Аманғалиқызы

Ынталандыру жүлделері:

Бұзылған бейіт – Төлеубай Ермекбаев

7-палата - Назым Аманғазықызы

Ояну – Мақпал Сембай

Байланыс: +77172540463, 87014503091 
angime@islam.kz

5 пікір
  • О, жеңімпаздарды құттықтаймын! Енді жеңімпаздар сыйлығын қалай алады? Салтанатты түрде табыстамайсыздар ма?
    10 жыл бұрын
  • Барлық әлемді жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ! Шүкір, 3-орын алыппын. Сіздерге көп рахмет! Алла разы болсын!
    10 жыл бұрын
  • Ассаляму алейкум! Жеңістеріңіз құтты болсын. Алла екі дүниенің бахытын нәсіп етсін.
    Қаламдарыңыз ұштала берсін.
    10 жыл бұрын
  • Ассалаумағаликом! Кешіріңіздер мен мына жеңімпаздарды қалай бағалағанын түсінбей отырғаным, не баллға емес, не дауысқа емес, мысалы бас жүлде алған <қызыл сақа >әңгімесі қойлған баға 4. Дауыс 26. Ал бірінші орын <Сенің әкең >әңгімесі баға 4.2 дауыс 97 . Егер баға мен дауыс әсер етпесе оқырмандар не үшін дауыс берді? Ал рейтинг басқаша сайрап тұр? (Бүгін ғана көріп отырмын)
    10 жыл бұрын
    • Әңгімелерге онлайн дауыс беру барысында да оқырмандардың шығарманың кемшілігі мен жетістігін әділ саралап, талдаудан гөрі бұра тартып, бір жақты баға бергендері де байқалды. Дегенмен, бәйге шартында айтылғандай соңғы сөз қазылар алқасына тиесілі болғандықтан, олар жүлде иелерін анықтауда мейлінше әділ болуға тырысты деген ойдамыз. Бұл жерде басты мақсат жүлде алу емес, шағын болса да нардың жүгін көтерген әңгімелерге сусаған халықтың шөлін басу болғандықтан, үміткерлердің бәйге нәтижесіне қандай да бір реніштерінің болмайтындығына сенімдіміз.
      10 жыл бұрын
Мұрағат