Саудиялық азамат WhatsApp-тағы жазбаға бола әйелімен ажырасты
|
Сауд Арабиясының тұрғыны WhatsApp-тағы жазбаға бола әйелімен ажырасты. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Саудиялық тұрғынның айтуынша, оның әйелі өзінің статусында: «Өзіме ие болуым үшін Жаратқаннан төзімділікті жалбарына сұраймын»,- деп жазған көрінеді. Алғашқыда оның ері бұл тіркестің мағынасын түсінген жоқ, достары мен туыстарына ақылдасу үшін телефон шалған. Достары оған «әйелің саған әзер төзіп жүрген шығар, сол себепті, Жаратқаннан өзіне сабыр беруін сұраған шығар»,- деп жорыған көрінеді. «Әлеуметтік желі арқылы менің абыройымды төгіп отырғаны бір бұл емес. Бірде ол мен туралы өлең жазыпты. Бүкіл өмірімді әлеуметтік желілерге жарияламай тұрғанда мен онымен ажырасуға бел будым»,- деп жауап қайтарған көрінеді туыстары мен достарына. Сөз реті келгенде айта кетейік, Сауд Арабиясындағы аймақтардың бірінде отбасы және неке істері жөніндегі орталық директорының орынбасары Халид әл-Халиби әлеуметтік желінің бүгінгі таңда ажырасудың басты себептерінің біріне айналғанын жеткізді.