Самурайлар елінде оранып жүретін мұсылман әйелдерге қалай қарайды
Самурайлар елінде оранып жүретін мұсылман әйелдерге қалай қарайды
3 жыл бұрын 3099 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Суретте: Сахар Накаяма

Сахар Накаяма есімді 19 жастағы мұсылман бойжеткен өзінің шариғат шәлісін жамылып жүретініне отандастарының қалай қарайтынын айтып берді. Бұл жайында islam.kz порталы Food Diversity ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сахар Жапонияда, дәлірегі, Токио қаласында туып-өскен, оның бойында пәкістандықтың да, жапонның да қаны ағып жатыр. Ол 5 жасынан бастап оранып жүреді. Жапонияның бастауыш сыныптарында тек білім беру минитсрлігі тарапынан бекітілген арнайы оқушы киім үлгісі қатаң сақталады. Сахардың ата-анасы мектеп әкімшілігіне ерте бастан ескертіп қойған болатын – оған оранып келуге рұқсат беріледі. Ал жоғары сыныптарда оқушылар өз қалайынша киінеді. Сахардың айтуынша, жапон дәстүрі бойынша бөгде адамның сырт келбеті мен киімін сөз ету әдепсіздікке жатады. Міне, осындай себеппен Сахар діни кемсітушілікке ұшыраған емес. Бұдан бөлек, жапон салтына сай ұзын киіну керек, оның үстіне, кейінгі кезде ұзын киімдер бұл елде сәнге айналған. Бұл тренде те шариғат шәлісін жамылғандардың елде алабөтен көрінбеуіне септігін тигізіп келеді.

Ұқсас материалдар:

«Тұңғыш: исламды қабылдаған алғашқы жапон» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/tungysh-islamdy-qabyldagan-algashqy-japon-15324/#gsc.tab=0);

«Жерлестеріне ислам негіздерін оқытып жүрген жапон азаматы» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jerlesterine-islam-negizderin-oqytyp-jurgen-japon-azamaty-16156/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат