Рамазан айы біткен соң 5 күн демалыс беріледі
Рамазан айы біткен соң 5 күн демалыс беріледі
4 жыл бұрын 5650 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Біріккен Араб Әмірлігінде жүмыс істейтіндер биыл алғаш рет бес күндік демалысқа шығады. Қасиетті Рамазан айының бітуі мен раза айттың басталуына орай. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Арабтардың астрономия және ғарыш ғылымы одағының мүшесі Ыбырайым әл-Жарбанның айтуынша, биыл Ораза айт мамыр айының 13-не тура келеді. Аталмыш араб елі тұрғындары мен сол елдің аумағында нәпақасын айырып жүрген шетелдік жалдамалы жұмысшылар отыз күндік оразадан кейін мамыр айының 11-15 аралығында демалады.

Сөз соңында аталған араб елінің мемлекеттік мерекелері негізінен ислами мейрамдар мен атаулы күндерден тұратынын айта кетпекпіз. Осыған орай БАӘ аумағында Ораза айт пен Құрбан айт, Мухаррам айының алғашқы күні, яғни, мұсылманша жыл қайырудың – Хижра жыл санауының алғашқы күні, Пайғамбарлар падишаһы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) туған күні биыл қазан айының 18-не түсіп тұр (Екі әлем сәруарының (Алланың сәлемі мен иглігі болсын) туған күні ислам келген кезден 300 жыл өткен соң атап өтіле бастады – Пайғамбардың өнегелі өмірін насихаттау мақсатында. Екі әлем сардарының (Алланың сәлемі мен иглігі болсын) нақты туған күні белгісіз болғандықтан бұл атаулы күн Оның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) қайтыс болған күніне орай алынған. Мәуліт әр жылда 12 күн бұрын жылжып отырады. Адамзаттың асыл тәжінің (Алланың сәлемі мен иглігі болсын) туған күні Рабиаууал айының 12-ші күнінде аталып өтіледі).

БАӘ Ұлттық күні – 2021 жылы Біріккен Араб Әмірлігі мемлекет болып құрылғанына жарты ғасыр өткенін, яғни, 50 жыл толғанын атап өтеді. Осыған байланысты желтоқсан айының 1,2 және 3-і күндері ел тұрғындарына демалыс беріледі. 

Тарихқа шегініс: Біріккен Араб Әмірлігінің бүгінгі аумағында көшіп-қонып жүрген бірнеше әмірлік 1971 жылдың желтоқсан айының 2-і күні біртұтас мемлекет құру туралы келісімге келіп, тарихи құжатқа қолдарын қояды

 

0 пікір
Мұрағат