«Қылдан жіңішке, қылыштан өткір» (видео)
«Қылдан жіңішке, қылыштан өткір» (видео)
5 жыл бұрын 3510 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әдетте бұл тіркес ақыретте алдыңнан шығатын Сират көпіріне қарата айтылғанымен оны осы жолы жапондардың жүзі алмас ұстарадай қылпып тұрған кездігінің өткірлігін көз алдыңызға әкелу үшін теңеу ретінде қолдансақ, айып болмас. Күншығыс елінің қолөнер шеберлерінің индустриясы тылсыммен астасып жатқандай әсер қалдырады. Сондықтан шығар, аталған арал елде шеберлердің қолынан суырылып шыққан кез келген бұйым кішігірм өнер туындысы іспетті – жоғары бағаланады. Ежелден солай. Өз алдына бір төбеге айналған білім мен біліктіліктің қайнар көзі десеңіз де жарасады. Мейлі шындығы қайсы, жалған жері қай тұстан астасып кетсе де самуралайлар еліне жарасатын аңызға үңілсек, Daiso жапон пышағы үш бірдей ұрпақтың ұсталары соққан. Фудзи айдаһарының жалын атқан деміне қыздырылып, Пикачу қанына суғарылған пышақты өз көздеріңізбен тамашалаңыздар.

0 пікір
Мұрағат