Түкті әрі тырнақты бақа (фото+видео)
Түкті әрі тырнақты бақа (фото+видео)
4 жыл бұрын 4953 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тырнағын тарбайту тек мысық тұқымдастарына ғана немесе өзге жыртқыштқарға ғана тән емес, бір қарағанда еш «айыбы» жоқ басқа да тіршілік иелерінде кездеседі. Тіпті, асып түседі десек артық айта қоймаспыз. Мәселен, түкті бақаны (Trichobatrachus robustus) алайықшы: оның тырнағы терісінің арасынан «тесіп» шығады дегенге сенесіз бе?! Сенуге тура келеді. Өйткені, ондай бақа табиғатта кездеседі екен. Біз сөз етіп отырған ерекше бақа ғылымға XX ғасырдың бас кезінен бері белгілі. Алайда, оның тырнағы барын кейін білді. Түкті бақа Африка құрлығының батысында және орталық бөлігінде тіршілік етеді. Дәлірегі, Нигерияда, Камерунде, Экваториалды Гвинеяда, Габонда және Конго аумағында кездеседі. Ұзындығы 13 сантиметрге жететін қаракүңгірт әрі түкті бақаның өзге тұқымдастарынан көп айырмашылығы жоқ. Еркегінің дене тұрқы ұрғашысына қарағанда шамамен 13%-ға ірі келеді. Шағылысу маусымында саны мен бүйірін 1-1,5 см-ге дейін жететін түк басып кетеді.

 Самец и самка волосатой лягушки

Ұрғашысы (солындағысы) және еркегі (оңындағысы) Жаратылыстану тарихы музейіндегі көрінісі. Фото Даррен Нейштің (Darren Naish) Твиттер әлеуметтік желісінен алынды

Еркегінің «түгі» - қан тамырлары – жіңішке тері өсінділері. Ол ұрғашыны тарту үшін немесе ұрғашысының өзге еркек бақалармен шатастырмауы үшін айрықшалайтын табиғи ерекшелігі емес, организмге нақты қажеттіліктен пайда болған өскін: «түктер» қосымша оттегімен қамтамасыз етеді. Амфибиялар терімен тыныс алады. Тіпті, өкпесі жоқ бақа да барын білесіз бе? Ол туралы кейін тоқталамыз. «Түкті» еркек бақаның бұл ерекшелігі өз кезегінде су астында ұзақ уақыт болуына септігін тигізеді. Яғни, ұрғашысының су астынадағы «жұмыртқаларын» күзетуге көмектеседі.

 Внешний вид самца волосатой лягушки

Сурет Лондондағы зоологиялық қауымдастықтың J. Green мерзімді басылымынан алынды   (Proceedings of the Zoological Society of London, 1901, en.wikipedia.org)

Ең таңқаларлығы – оның тырнағы. Амниот тобына жататын бауырымен жорғалаушыларға, сүтқоректілерге және құстарға қарағанда амфибияда тырнақтың болуы – өте сирек кездесетін құбылыс. Амниоттағы тырнақты былайша сипаттауға болады: тырнақ фалангасына, яғни, «саусақ» ұшына «кигізілген» кератиндік қаптама. Кейбір бақаларда, мәселен, Xenopus laevis бақасының тырнағы кератиннен тұрады. Алайда, оның микроқұрылымы мен көлемі амниоттағыдан өзгеше. Ал түткі бақада – нағыз тырнақ десе болады, яғни, сүйекті болып келеді. Артқы табанында ол тері астында жасырулы болады, қауіп төнгенде қорғану үшін өткір тырнақтарын тарбайтады. Тек еркегінде ғана емес, сонымен қатар, ұрғашысында да кездеседі. Қалыпты жағдайда (тырнағының бүгулі кезінде) фаланга терідегі коллагендік талшыққа бекітілген  арнайы мүйізгек-қынапта болады. Мүйізгек-қынап тырнақты кездейсоқ сыртқа шығып кетуден сақтайды. Егер тырнақты сыртқа шығару қажеттілігі пайда болса, ол «саусақтың» төменгі жағындағы теріні жыртып шығады. Яғни, бақа жарақат алады. Мүйізгек-қынап орнында қалады. Түкті бақа өз тырнағынан жараланады. Алайда, жауын да оңдырмайды. Яғни, өз-өзін жарақаттайтын бұл әрекеті өз-өзін ақтайды. Сөз орайы келгенде мынадай қызықты деректі келтіре кетейік: танымал ағылшын натуралисі әрі жазушы Джеральд Даррелл Камерунге жасаған саяхаты жазған әрі 1954 жылы жарық көрген «Бафут тазылары» (The Bafut Beagles),  атты кітабында бақаның жауынан қорғанатын тырнағы болуы мүмкін екенін жазған болатын. Ал жергілікті тұрғындар түкті бақаның тырнағы барын бұрыннан білген: амфибияны аулауға шаққанда өздерімен бірге найза секілді қаруды алып жүретін болған. Бақа тырнағын шығармай тұрып шаншып өлтіру үшін. Тек түкті бақа ғана емес, сонымен қатар, африкалық бақалардың кейбірі (Astylosternus және Leptopelisо) осындай тырнаққа ие. Тырнақ мүйізгекті қынаптан бүгуші бұлшық еті белсенділікке көшкенде босайды, ал оның антагонисі – жазушы бұлшық еті  фланаганы бастапқы қалпына келтіреді, ал терідегі жарақат уақыт өте келе бітеді.

 Продольный срез пальца стопы волосатой лягушки

D. C. Blackburn et al., 2008. Concealed weapons: erectile claws in African frogs

Камерундағы бакосси (Bakossi people) тайпасының өкілдері түкті бақаны аспаннан түскен әрі тылсым күші бар, деп сенеді. Егер оның етін жесе, құрсақ көтере алмай үрген бедеу әйел немесе белсіз еркек перзент сүйеді, деп сенеді. Түкті бақаны жергілікті халық тек азық үшін өлтірмейді, сонымен қатар, оны үйде асырауға болатын экзотикалық жануар ретінде сатады. Осының кесірінен түкті бақаның тұқымы тұздай құрып барады. Оны сақтап қалу күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.

0 пікір
Мұрағат