Қазақстандағы туризм жаңа бағытқа бет бұрды (көрнекі мәлімет)
|
2015 жылы елімізге келетін шетелдік туристер ағыны 3%-ға қысқарғанымен, осы жылы шетелдік қонақтар саны 4%-ға артқан. Бұл туралы Ranking.kz сараптамалық порталы жазады.
Осы жылдың 6 айында Қазақстанға туристік және іскерлік мақсатта 323 мың адам келген. Бұған әлемдік туризмдегі тенденциялардың өзгеруі себеп. Негізгі өсім драйвері — Азия-Тынық мұхит аймағы, бір жыл ішінде бұл жердегі халықаралық туристер саны 9%-ға артқан.
Қазақстанда қызмет көрсетілген шетелдік туристер көлемі
Туристер ағынының көбеюі қазақстандық туристік нарықтағы табыстың ұлғаюына да себеп болды. ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша, жылдық өсім 50%-ды құрады. 2016 жылдың қаңтар-маусым аралығында туристік нарықтағы кәсіпорындары 15,4 млрд теңге табыс тапты.
Қазақстандағы туристік фирмалар табысы
2017 жылы өтетін халықаралық ЭКСПО көрмесіне байланысты туристер саны ұлғая түседі деген болжам бар. Ол үшін келесі жылдан бастап Қазақстан мен 48 елдің арасында визасыз режим орнайды. Ұйымдастырушылардың сөзінше көрмеге 2,5 млн-ға жуық қонақ келуі қажет. Келушілердің 85%-ы Қазақстан тұрғындары және 15%-ы шетелдік туристер.
Әсіресе, қытайлық туристер арасында белсенділік байқалып отыр. Олар осы жылы шетелдік туризмдегі шығындарын 20%-ға арттырған. Сондай-ақ көрші Ресейден, Түркия және басқа елдерден үлкен туристер ағыны келеді деп болжануда.