Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды. Сауысқандық петроглифтері ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды. Сауысқандық петроглифтері ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін
1 сағат бұрын 33 Мейірман Лес. Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

KAZINFORM — «Петроглиф ізшілері» қорының еріктілері 2025 жылы 27 экспедицияға шығып, Алматы, Жамбыл мен Жетісу облысында петроглифтердің 11 жаңа шоғырын тапты. Сондай-ақ бұрын белгісіз болып келген ерте темір дәуірі мен түркі кезеңіне жататын ондаған қоныс пен қорымды, XVIII–XIX ғасырға тиесілі қазақтың оннан астам рулық зиратын анықтаған.

Қор өкілдерінің айтуынша, биыл ғылыми ортаға бұрыннан белгілі жерлердің өзінен біраз жаңа петроглиф табылған. Жалпы алғанда, осы жолы археологиялық ескерткіштер тізіміне енбеген жиырмаға жуық қорым тіркелген. Қорғандардың жалпы саны 300-ден асады. Олардың арасында Аманбөктер шоғырындағы петроглифтер, Баянжүрек маңындағы жаңа топ, сондай-ақ Қызылағаш ауылының маңындағы жазық пен Жетісу облысының Ақтекше ауылы жанындағы Мұқыр шатқалынан табылған жартастағы суреттер де бар.

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Еріктілердің айтуынша, зерттеуге шалғайдағы ауыл тұрғындары да көп үлес қосқан. Әлеуметтік желі мен БАҚ-та үнемі көрініп отыратындықтан, қорға ауыл тұрғындарынан осындай орындар туралы біраз хабарлама келіп түсіпті. Бұл тасада қалған қаншама ескерткіштің табылуына мүмкіндік берді.

Қордың атқарушы директоры Ольга Гумированың айтуынша, «Петроглиф ізшілері» жобасындағы ең басты ресурс — адам.

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
— Қорымызда ерікті болып жүргендердің әрқайсысы әртүрлі саладан келген. Әсіресе, жыл өткен сайын іздеу жұмысына ауыл мен шалғай елдімекеннің тұрғындары көп араласып жатқанын көріп қуанып қаласың. Әркім өзінің туған жерінің тарихын бүкіл әлем білсе екен дейді ғой. Бұл — нағыз патриотизм, — деді Ольга Гумирова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қоғам белсенділері 2026 жылға арналған жоспарын да айтты. Келер маусымда олар жаңадан анықталған петроглиф шоғырларын зерттеуді жалғастырып, Ешкіөлмес кешенінің виртуалды 3D-турын жасап, жаңа барлау экспедицияларын өткізуді де жоспарлап отыр.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысы әкімдігі желіде жарияланған Ешкіөлмес петроглифтеріне қауіп төніп тұрғаны туралы ақпараттыі шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеген еді.

Мейірман Лес

Сауысқандық петроглифтері ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін

7 шақырым жерге жайылған, 10 мың сюжеттен тұратын Сауысқандық петроглифтері халықаралық қорғауға алынуы мүмкін.  Бұл туралы 24.kz ақпарат көзі хабарлады.

Қойнауы қазынаға толы Қаратаудағы таңбалы тастар ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік тізімінде тұрауға лайық. Ұлттық құрылтайда осы мәселені көтерген Президент жауаптыларға тапсырма берді. Сауысқандық петроглифтері мемлекеттің ерекше қорғауындағы аймақ. Өлкетанушылар оны мұражайға   айналдыруды да ұсынып жүр. Егер осы құнды жәдігерлер ЮНЕСКО тізіміне енсе, өңірдің туристік әлеуеті де артады.

Ғалымжан Садықов, облыстық Тарихи-мәдени мұралар орталығының бөлім басшысы: - Археологтар бұл ескерткішті петроглифтеріндегі жинақталған жазуларына байланысты тоғыз топқа бөлді. Яғни, үлкен аумақты алып жатыр. Ғалымдар тарапынан бірнеше жылдан бері зерттеліп келеді. Ал 2024 жылы халықаралық Қазақ-Түрік университеті тарапынан Сауысқандықтағы обаларға – жерлеу кешендеріне қазба жұмыстары жүргізілді. Бұл ескерткіштерді алдағы уақытта ЮНЕСКО тізіміне петролглифтер номинациясымен енгізетін болса, бұл ескерткіштің туристік әлеуетін одан әрі зерттелуіне септігін тигізеді деп ойлаймыз.

0 пікір
Мұрағат