|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
|
4-маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде есте, жылдан жылға кеңірек аталып өтілуде. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.
Әрбір тәуелсіз елдің өзін айқындап, айшықтап тұратын төл нышандары болады. Сондай нышандардың бірі мемлекеттік рәміздер. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Сондықтан да әрбір елім, жерім деген азаматтар мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиісті. Ал, олай болса бүгінгі ерекше мерекелік күндеріңіз құтты болсын!
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Әзірбайжан мешіттерінің жартысы имамсыз жұмыс істеп жатыр
■
Сауд Арабиясы қажылық пен ұмра бойынша оңтайлы шешім қабылдауға көмектесетін жүйені іске қосады