|
Әлемдегі жолаушылар ең көп шоғырланатын әуежай
|
Осы уақытқа дейін Лондон мегаполисіндегі Хитроу әуежайы жолаушылар ең көп шоғырланатын әуежай атанып келген болатын. Кейінгі кезде Дубайдың халықаралық әуежайы жолаушылар саны жағынан Хитроу әуежайын артқа тастады. Мәселен, 2014 жылдың сәуір айындағы есеп бойынша Дубай әуежайы 6,1 млн жолаушыны қабылдап, қызмет көрсеткен. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 13,7 пайызға артық. 2014 жылдың қаңтар айынан сәуір айы аралығында аталмыш әуежай айына 6 млн-нан аса жолаушыны қабылдаған екен. Ал осы аралықтағы жолаушылардың жалпы саны 24,5 млн адамды құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,9 пайызға артық. Хитроу әуежайына келсек, 2014 жылдың алғашқы төрт айында 22,2 млн адамды қабылдаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)