Қазақстан мен Еуропалық одақ ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды
Қазақстан мен Еуропалық одақ ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды
10 жыл бұрын 7046

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Еуропа елдерінің елшілері визалық режимді оңтайландыру мәселесін қарастырды.

Қазақстан Республикасы мен Еуродақ үстіміздегі жылы ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды. Бұл жайында ҚР СІМ жетекшісі Ерлан Ыдырысов мәлімдеме жасады. «МИР 24» телеарнасының хабарлауынша, Еуроодақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы аталмыш келісім тек аталмыш одақ пен еліміздің мүддесіне ғана негізделмейді, сонымен қатар, Еуродақ пен Қазақстан Республикасының құндылықтары қатар ескеріледі. Еуродақ Қазақстан Республикасының сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. 2013 жылы Еуродақ пен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 53,4 млрд долларды құрады. Еліміздегі еуропалық капиталдың үлесі 47 пайызға жетіп жығылады.

0 пікір
Мұрағат