Қазақстан дәріханаларында есірткі сатылып жатыр
|
Қазақстандық наркология мамандарын синтетикалық есірткілердің жайы толғандыруда. Ең қауіптісі каннабиноидтар – бұл дегеніміз спайс, басқаша айтсақ "тұздар". Бұл есірткі түрі адамды өзіне тәуелді етеді.
Сонымен қатар, адам азғасына зиян келтіреді деген хабар таратты nur.kz ақпарат көзі Алматы телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Бірақ,оның адам ағзасына қаншалықты қатерлі екендігі әзірге толыққанды зерттелмеген. Есірткінің екі түрі де инъекциялық есірткілердің қатарына жатады. Бұл туралы Назаралиев атындағы медицина орталығының бас дәрігері Елшібай Жүнісов мәлімдеді.
Оның айтуынша, "синтетика" дайындау қиындық туғызбайды. Ал оның құрамына кіретін ингредиенттерді де оңай табуға болады.
"Көптеген дәріханаларда дәрігерлердің рұқсат қағазынсыз құрамында психотроптық заттар бар дәрілерді сатып алуға болады. Мысалы, цикломед, трапкамид, цикладол және атрапин. Бұл ең қолжетімді есірткі заттары болып есептеледі және есірткі жасауда көптеп қолданылады". - деді Жүнісов.
Қазақстандық нашақорлар отандық "өнімдерден" бөлек, өзге елдерден әкелінетін синтетикалық заттарды қолданады. Жылдың басынан бері шекарашылар 929 кг есірткі тәркіледі. Ресми емес мағлұматтарға сүйенсек, Қазақстанға синтетикалық есірткілерді алып келетін елдердің бірі – Қытай.