Қатерлі дертке шалдыққандар тегін емделеді
Қатерлі дертке шалдыққандар тегін емделеді
9 жыл бұрын 2997

BAQ.KZ ақпарат көзінің хабарлауынша Қазақстанда қатерлі дертке шалдыққан 140 мың науқас есепке тіркелген, оларға республика бойынша емдік қамтамасыз ету тегін жүргізіледі. Бұл туралы Астана қаласында Онкологиялық диспансерінде Халықаралық обырмен күресу күні өткен конференциясы барысында айтылды.

«Онкологиялық ауруларды скринингтік тексерулер арқылы ерте анықтап, медициналық қызметкерлердің байқағыштығын арттыру керек. Ісікті ерте анықтап, оны толығымен жазуға болатындығы дәлелденген. Бірақ 50% емделуші мамандарға аурудың 3-4 кезеңінде ғана қарала бастайды» дейді мамандар. 
Қазақстанда жыл сайын 30 мың жаңа онкоауру түрі анықталады. Есепте осы ауру бойынша 140 мың онкоаурумен ауыратын науқас тіркелген, оның 60% химиятерапияны қажет етеді. Онкологиямен ауыратындарға республика бойынша емдік қаматамасыз ету тегін жүреді.
Астана қаласы бойынша жыл сайын 1300-ден артық адамда алғаш қатерлі жаңа өсінді анықталады, сондай-ақ, диспансерлік бақылауда 6784 емделуші тұр.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында халықтың мақсаттық топтарын скринингтік тексеру бағдарламасы мен салауатты өмір салтын ұстануға жігерлендіру арқылы қатерлі жаңаөсінділерді ерте анықтауға, алдын алу шараларын арттыруға арналған негізгі бағыты белгіленген. Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 2-11 ақпан аралығында Астана қаласында "Дүниежүзілік обырмен күресу күніне" арналған онкологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын алу бойынша онкүндік өтіп жатыр.Қалада,ы медициналық ұйымдар тұрғындарды скринингтік тексеруден өтуге шақырады.

0 пікір
Мұрағат