Мәскеуден Құдысқа дейін бейбітшілік шеруі өтеді
|
«Біріккен мұсылман үмбеті» деп аталатын бастамашыл топ үстіміздегі жылдың наурыз айының 1-і күні Мәскеуден Құдысқа дейін Бейбітшілік шеруін өткізуді жоспарлап отыр. Оның маршруты Қап тауы мен Таяу Шығыс арқылы өтеді. Шерудің ақырғы межесі Құдыс шаһарында жамағатпен намаз оқылады.
Бейбітшілік шеруінің негізгі міндеттері:
– Әлем қауымдастығын бейбітшілікке үндеу, әскери қақтығыстардың, терактілердің, зорлық-зомбылықтың, қуғын-сүргіннің, т.б. түрлі келеңсіздіктердің алдын алу, жат мәдениеттің экспанциясынан қорғану, есірткінің таралуына тосқауыл қою, ғылым жетістіктерін адамзатқа қарсы қолданудың алдын алу;
– Әділеттілікті орнату, халықтар арасындағы тең әріптестікті насихаттау, наным-сенімі мен ұлтына қарамастан адамның қадыр-қасиетін қорғау;
«Ислам ең бейбіт діндердің бірі. Ол бізден тазалықты, рухани жаңғыруды, бейбітшілікті сақтауды, тұрақтылықты, әділеттілікті талап етеді. Алайда, Батыс әлемдегі үстемдігін сақтау үшін Исламды ең қауіпті дін ретінде көрсетуге күш салып жатыр. Ол үшін адасқан жекелеген мұсылмандардың осалдығын пайдалануда. Өздерінің арам мақсаттарына жету үшін олардың арнайы қызметі түрлі террористік топтар мен ұйымдардың қолымен от көсеп, оларды астыртын қаржыландырып отыр. Екі ортада түк жазығы жоқ бейбіт тұрғындар жапа шегіп жатыр»,- деп айтылған осы шараны ұйымдастырушы комитеттің мәлімдемесінде. Аталмыш шеруге түрлі диаспора өкілдері, қоғамдық және діни ұйымдардың өкілдері қатысады.
Бұл шара Палестина мемлекетінің ққолдауына ие болып отыр. «Біз сіздерге Палестина билігінің осы акцияға қатысушылар үшін қажетті жеңілдіктер қарастыратынын хабарлағымыз келеді. Шеруге қатысатындар Палестина аумағында болған уақытан бастап, кеткенше олар осы жеңілдікті пайдалана алады»,- деп айтылған Мәскеу қаласындағы Палестина елшісі Фаед Мұстафаның ұйымдастырушы комитеке жолдаған хатында.