Қасиетті Құранның ең қымбат нұсқасы
Қасиетті Құранның ең қымбат нұсқасы
10 жыл бұрын 8365

Суретте көрсетілген Құран әлемдегі ең қымбат бағаға сатылған. АҚШ-да өткен бәссауда барысында Құран Кәрімнің бұл нұсқасы 2 330 000 долларға бағаланған. Бұл жайында muslim.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Қасиетті қолжазбаны 1203-жылы (хижра жыл санауы бойынша 599-жыл, Рамазан айының 17-жұлдызы) Яхья бин Мухаммад ибн Омардың жазғаны айтылады. Ұзақ уақыт бойы жұрт көзінен таса жатқан Құран кітабын 1905-жылы Арчер Милтон Хантингтон есімді зерттеуші тапқан болатын.

Кристис бәссаудасы сарапшыларының айтуынша, 2 330 000 доллар Ислам кітаптары арасында рекордтық көрсеткіш болып отыр. Бұған дейінгі рекордтық баға Х ғасырда куфалық қаріппен жазылған Құранға тиесілі болатын. аталмыш кітап 1 870 000 долларға сатылған еді. 

 

Арабша транскрипциясы бар алғашқы Құран Кәрімнің тұсаукесер рәсімі өтті (ФОТО)

Қазақ елінің діни әлемі тағы бір тамаша тәржімамен толықты. «Райымбек ислам» қайырымдылық бірлестігінің төрайымы Сәуле қажы Бекенқызының жеті жыл бойы көз майын тауысып тәржімалаған еңбегі кеше Елорда жұртына таныстырылып, тұсаукесер рәсімі өтті. Қазақ даласында бұрын-соңды аударылған Құран кітаптарынан бұл еңбектің айтарлықтай айырмашылығы да бар.  Сонау сексенінші жылдардан бастап дін насихаты жолында ерінбей еңбек етіп келе жатқан Сәуле апамыз қасиетті жазбаны тек қана қазақ тіліне аударып қоймай, арабша оқылуын (транскрипциясын) да жасаған.

Құран оқып үйренемін деген адамға адастырмас үлгі болатын бұл кітап бұған дейін пара-пара бойынша бірнеше томдық болып шыққан еді. Бүгінде барлық еңбекті бір жерге тоғыстырып, арнайы арабша транскрипциясы бар кітап етіп шығарған Сәуле қажы Бекенқызы бұл қуанышын астаналық ағайындарға ас беріп, атап өтуді жөн санапты. Тұсаукесер рәсіміне ҚМДБ-ның Жалпы және Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, С.Ғылмани мешітінің наиб имамы  Мамлюк Мұсаев сынды азаматтар қатысып, апамызға ақ тілектерін білдірді.

0 пікір
Мұрағат