«Қасиетті мұра» көрмесі ашылды
«Қасиетті мұра» көрмесі ашылды
10 жыл бұрын 3848

Кеше, яғни, сәуір айының 10-ы күні Анкара қаласындағы «Ахмет Хамди Аксеки» мешітінде «Қасиетті мұра» деп аталатын көрме ашылды. Онда түрлі қолдан алынған, яғни, жеке коллекциядан қасиетті Құранның 99 қолжазба жинағы жұртшылықтың назарына ұсынылған. Түркия астанасында өтіп жатқан аталмыш көрмедегі бұл қолжазбалар IX-XIX ғасырларда өмір сүрген белгілі каллиграфтардың қолтаңбасы қалған түпнұсқадан тұрады. Тағылымды бұл шара сәуір айының 25-не дейін созылады. Көрменің ашылу салтанатына Түркияның дін істері басқармасының төрағасы Мехмет Гөрмез, Түркияның мәдениет және туризм министрі Өмер Челик қатысты. Лауазымды тұлғалардың осынау шарада төбе көрсетіп, сөз сөйлегені аталмыш шараның маңыздылығын көрсетті. «Біз – қасиетті кітапты тек оқып, жадымызға тоқып қана қоймай, зерделеп, зерттеп, эстетикалық өміріміздің мәніне айналдырдық», - деді Мехмет Гөрмез.

 

0 пікір
Мұрағат