|
Қайырымдылық қабырғасы...
|
Иранда қайырымдылық акциясының соны жобасы пайда болды. Аталмыш елдің әр қаласында «Қайырымдылық қабырғасы» деп аталып кеткен жоба қолы ашық жандардың да, мұқтаж пақырлардың да көңілінен шықты. Мұндай қабырғаға киілген болса да жақсы сақтамлған әрі таза киімдерін қалдырып кете алатын ілгіштер бекітілген. Мұқтаж жандар өзіне шақ әрі өзіне ұнаған киімдерді осы қабырғадан алып кете алады. Айта кетейік, биыл Ирандағы ауа райы кіді мәнез танытып тұр: осы өңірдің климатына жат ерекше суық орнаған. Жылы киімге мұқтаж жандар үшін бұл жоба көп көмегін тигізуде. Мұндай қабырға алдымен Мешхед қаласында пайда болған еді. Көп ұзамай мұқтаж жандарға арналған тоңазытқыш ел көшелерінде пайда болмақ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өз-өзін тыңайтатын өсімдік өсірудің жолы табылды
■
Алпауыт елдің биылғы доктринасы: тек күштілеріне көмектесу
■
Қытай алғаш рет жаңғыртпалы энергия көздерінің есебінен электр энергиясына деген жаңа қажеттіліктің орнын толтырды
■
Жыл соңына дейін исламдық ипотека ашылмақ
■
20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген...