Профессор Әбсаттар қажы Дербісәлі Малайзиядағы VII әлемдік ислам форумына қатысты
Профессор Әбсаттар қажы Дербісәлі Малайзиядағы VII әлемдік ислам форумына қатысты
8 жыл бұрын 3344

       Әбсаттар Дербісәлі 2016 жылдың 22-26 қыркүйегінде Малайзияның астанасы Куала-Лумпурде өткен VII әлемдік Ислам форумына қатысты. Онда Азия және Африканың бірқатар елдерінің мемлекет, ғылым, білім, қоғам және дипломатия қайраткерлері бас қосты. Киелі жиында 200-ден астам түрлі елдердің делегаттары бірнеше өзекті мәселелерді талқылады.

       Форумның шымылдығын 57 ислам жұрты мүшесі боп табылатын Ислам ынтымақтастығы ұйымының төрағасы Ияд әл-Мадани, Малайзияның Премьер-Министрі Тун Разақ ашты.

       Форум аясында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, Қазақстанның дін, ғылым және қоғам қайраткері, ҚР Жоғары Мектеп Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар қажы Дербісәлінің Лондонда жарық көрген “Islam Religion of Peace and Creation” («Ислам – бейбітшілік пен жасампаздық діні») кітабының таныстырылымы да болды. Қатысушылар қазақ ғалымының еңбегіне жоғары баға бере келе, автордың ислам діні мен өркениетін зерттеуге қосқан үлесіне тоқталды. Жуырда Францияда Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Ғылымдағы есім» (Tne Name in Science) халықаралық құрмет сыйлығы және әлемдік ғылымға қосқан үлесі үшін арнайы дипломымен марапаталғаны айтыла келе, ислам елдерінің Жоғары оқу орындарында ғалым шығармашылығына арналған арнаулы курс оқылса жөн болар еді деген ұсыныс жасалды.

Сонымен қатар, пікір білдірушілер ислам елдері дін қайраткерлері арасында Қазақстан азаматының ғана еңбегі Лондонда жарық көргеніне көңіл аударды. "Ислам лаңкестікпен байланыстырылып, асыл дінімізге күйе жағылып жатқан кезде, ұлы дінді арашалап, оның бейбітшілік пен жасампаздық діні екенін айтып, беделін көтеріп жатқан қазақ ғалымына алғыс айту керек" делінді.

Форумда Әбсаттар қажы Дербісәлі қазақ елінің әдебиеті мен мәдениеті яғни тарихи-мәдени және рухани мұрасы жайлы сөз ете отырып, өз отанының ислам өркениетіне үлес қосқан ел екенін, тек бір ғана Отырар-Фарабтан 30-дан астам ғалымдар мен ойшылдар шыққанын, олар тек қазақ елі ғана емес, сондай-ақ әлем мәдениеті мен руханиятының мақтаныштарына айтылғанын, Қазақстан тәуелсіздігін алғалы 25 жыл ғана ішінде көп жетістіктерге жеткенін, болашағы зор мемлекет екенін айтумен қатар, бірқатар келесі ұсыныстарын білдірді. Олар ризашылық және қызығушылықпен қабылданды.

0 пікір
Мұрағат