Өткен жылы туристердің әлемдік шығыны қаншаға жетті
Өткен жылы туристердің әлемдік шығыны қаншаға жетті
5 жыл бұрын 2244 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2018 жылы әлем бойынша туристер 1,7 трлн доллар жұмсаған. Бұл оның алдындағы, яғни, 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4%-ға көп. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) мәлім етті. Нақтысында инфляция мен айырбас бағамының ауытқуын ескере отырып есептегенде халықаралық туризмнен түскен табыс 1448 млрд долларға жеткен. Бұл көрсеткіш 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 100 млрд долларға көп. Сонымен қатар, туристер қарасы 6%-ға артқан. 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда. Осылайша туризм саласы жылдан жылға қанатын кеңге жайып, химиялық өнеркәсіп, мұнай секторы секілді негізгі экономика салаларын артқа тастаған. Енді бірер жылдан соң тағам өнеркәсібі мен автокөлік саласын шаң қаптырып кетпек. Аталмыш халықаралық ұйымның бас хатшысы Зураб Пололикашвилидің айтуынша, туризм дамушы елдерде де, дамыған мемлекеттерде де қарқынды дамып келеді. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлікті дамытуға, т.б. мүмкіндіктер беруде. Әлем бойынша, әсіресе, Азия мен Тынық мұхиты аймағында туризм саласы өркендеп, 7%-ға артқан. Одан кейінгі орында Еуропа тұр - 5%. Сондай-ақ, Таяу шығыста бұл көрсеткіш 3%-ға жетсе, Африка құрлығында 1%-ды құраған.

0 пікір
Мұрағат