Ұлпа қауырсынды немесе жібек тауықтың құпиясы (видео)
Ұлпа қауырсынды немесе жібек тауықтың құпиясы (видео)
5 жыл бұрын 5292 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біз сөз етпек болып отырған тауық қытай медицинасының аңызына айналған ерекше құс. Олардың балақ қауырсыны жер сызады. Аппақ ұлпа қауырсынымен ғана ерекшелініп қоймайды, сонымен қатар, терісі мен сүйегі қара түсті болып келеді. Табиғатта сирек кездеседі. Ұлпа қауырсынды құстың тарихы тым тереңде жатыр. Ариcтотел жазған кезінде. Аты аңызға айналған жиһангер Марко Полоның 1298-ші жылғы жазбасында да кездеседі. Бұл құс еуропалықтарға тек XVIII ғасырда ғана белгілі болды. Батыс елдерінде де аталмыш құс ерекше құрметке ие. Ал кей елдерде оны құс пен қоянның шатасындай қарап, циркте пайдаланды. Қытайда ұлпа қауырсынды тауық етінің емдік қасиеті бар деп біледі. Оның жұмсақ әрі дәмі тіл үйіретін етінің құрамында В, Е, А, С дәрумендері барына сенеді. Бұлшық ет жасушыларында адамды жасартатын әрі сүйегін қатайтын аминоқышқыл мен глобулин молынан кездеседі. Оның өсіп кеткен қауырсынын айына бір тарап, оны тоқымада пайдалануға болады. Десе де бір осал тұсы осы қауырсынында жатыр: су тисе әдеттегі құстың қауырсынынан сырғып түсіп қалатындай емес, малмаңдай болады. Сол себепті, аталған құсты бөлек, құрғақ жерде ұстайды.

 

 

0 пікір
Мұрағат