Өткен жылы туристер ең көп барған ел...
Өткен жылы туристер ең көп барған ел...
6 жыл бұрын 3075 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүкіл әлемдік туристік ұйым (UNWTO) өткен жылғы туризм саласындағы халықаралық тенденция туралы қорытынды есебін жариялады. Бұл жайында tourprom.ru ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш дүниежүзілік ұйымның келтірген мәліметіне қарағанда, өткен жылы туристер қарасы әлем бойынша 7 пайызға артып, 1,3 млрд адамға жеткен. Туристердің дені, яғни, 51 пайызы Еуропаға, 24 пайызы Азия мен Тынық мұхиты елдеріне, 16 пайызы Америкаға, қалғаны Африка құрлығы мен  Орта Азияға саяхаттаған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша туристер ең көп барған ел - Франция, аталмыш елге ағылған туристер қарасы 86 900 000 адамды құраған. Одан кейінгі орынға Испания табан тіреген - 81 800 000 турист. Ал үшінші орынға АҚШ жайғасқан - 75 900 000 адам. Өткен жылдың қорытындысы бойынша туристер көп барған елдердің алғашқы ондығы: Қытай (төртінші орыннан көрінген), Италия, Мексика, Ұлыбритания, Түркия, Германия және Таиланд. Мәселен, Қытайға сапарлайтын туристер қарасы 2,5 пайызға, ал Түркия бағытында 24,1 пайызға артқан. Керісінше АҚШ-та туристер қарасы 3,8 пайызға кеміп кеткен. Ал өзімізге келсек, KazakhTourism ұлттық компаниясының алға тартқан дерегіне сүйенсек, өткен жылы елімізге 7,7 млн турист келген. Ал биыл, яғни, алғашқы кварталда шетелден саяхаттап келушілер қарасы өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткішпен салыстырғанда 29,4 пайызға артқан. Сөз орайы келгенде айта кету керек, туризм әлемде мұнайдан кейінгі ең табысты салаға айналған. 

0 пікір
Мұрағат