|
Өскеменнің су айдынында медуза пайда болды (видео)
|
«Время» газетіндегі хабарға қарағанда, жергілікті тұрғындар су айдынынан медузаны көрген. Әрі оны бейнетаспаға түсіріп алған. Медуза теңіз жәндігі болғандықтан еліміздің аумағында пайда болуы таңқаларлық құбылыс. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, биолог Бағдат Кәрменова да Өскеменнің су айдынынан табылған жәндіктің медуза екенін растап отыр. Бірақ, оның қандай түрі екенін әрі мұнда қалай тап болғанын анықтай алмаған. Оның топшылауынша, шетелден әкелініп, су айдынына жіберілген. Әзірге мамандар бұл медузаның өзен фаунасына немесе адамдарға қандай қауіп төндіретінін айта алмай отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Обырға қарсы киллер жасушалардан арнайы жасақ пайда болады
■
Cмартфонмен басқарылатын, сағатына 31 шақырым жылдамдықпен қозғалатын, салмағы 10 грамм тартатын робот құс (видео)
■
Араб елі адам капиталынан айырылу қатерімен бетпе-бет келмек
■
Иран факторы: АҚШ ұстамдылығы басқаша қабылдануы мүмкін
■
Қап тауы елі Рамазанда ішімдік саудасына толық тыйым салады