|
Орыс қызы Лондонда қазақ дәстүрі бойынша тұрмысқа шықты
|
Шоумен әрі жүргізуші Абдель Мұхтаров Instagram желісіндегі өзінің жеке парақшасында Яна Искакова есімді орыс қызының Лондон қаласында Доминика Тонг есімді Швейцария елінің тумасына қазақтың байырғы дәстүрімен тұрмыс құрғандығын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абдель Мұхтаровтың айтуынша, Яна Алматы қаласында туып өсіп, туған жерінен алыстағанына қарамастан жергілікті мекенінің салт-дәстүрін бір сәтке ұмытпаған екен.

"Мен Янаны менің досым екенін мақтан тұтамын. Яна, жарайсың! Сендерге зор бақыт тілеймін. Қазақстан сенімен мақтануына болады. Мен қазір қуаныштан жарылғалы тұрмын", - деді Абдель.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)