Обыр – адам ағзасында пайда болған паразиттің жаңа түрі
|
Жасуша биологының сөзіне қарағанда, обыр сырқатына шалдыққан пациент әдетте өзінің денесінде жат әлденені сезе алады және ол оның денсаулығын құртып, жанына батады. Обыр паразиттің жаңа түрінің эволюциясынан пайда болатын көрінеді. Өзге паразиттер секілді обыр да қоректену орталығына тәуелді болып келеді, яғни, өзінің «қожайынын» жегідей жеп бітеді. Ол адам ағзасының кез келген жерінде және өзінше асқынуы мүмкін, осыған орай паразит пен онымен сырқаттанған адамның арасында байланыс орнайды. Калифорния-Барклей университетінің молекулярлы және жасуша биологиясының профессоры Питера Дюсбергтің айтуынша, обыр жасушаның тіршілігі ағзаның өзге жасушаларына тәуелді емес және өзінің «қожайынының» хромосомдық аппликациясынан ерекшеленетін хормосомдық аппликация түзеді. Оның гипотезасы бойынша канцерогенез туралы және обырдың қалыптасуы жөніндегі теория қате болып табылады. Сондай-ақ, ол обыр жасушасы қатерлі жасушаның ырыққа көнбей өсуін ынталандыратын бірнеше генетикалық мутациядан емес, тұтас хромосоманың бұзылуынан орын алады. Хромосомдар көптеген гендерді қамтиды және дұрыс «көшірілмеуінен» бұзылады да көптеген генетикалық ауытқуларға алып келеді. Нәтижесінде жаңа фенотипті жасуша пайда болады.