Неміс мұсылманы мәсіх тартатын кроссовка ойлап тапты (фото)
Неміс мұсылманы мәсіх тартатын кроссовка ойлап тапты (фото)
4 жыл бұрын 7438 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Осыдан аттай 30 жыл бұрын хақ жолға түскен Йорг Имран Шретер есімді дәрігер зайырлы жоғарғы оқу орнында жұмыс істей жүріп, дәрет алуда қолайсыздыққа тап болған екен. Бұл қолайсыздықты ол инновациялық кроссовка арқылы шешті. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі islamosfera.ru порталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 

2006 жылдан бері мемлекеттік мектеп қабырғаларында «Ислами діни білім беру» жобасы аясында Баден-Вюртембергтегі мектептерде имамдар дайындауға атсалысты. 2008 жылы Йорг Имран Шретер Карлсруэ педагогикалық университетінде ислами білім беру кафедрасын ашуға ықпал етті. Қазіргі уақытта ол аталмыш институттың ғылыми-педагогикалық бөлімінде кіші профессор ретінде қызмет атқарып жүр, дәлірегі, ислами білім берудің педагогикалық-дидактикалық жағын дамытуға үлес қосып жүр.

Шариғи тұрғыдан қарастырылған жеңілдікті қолайсыздықты жеңу үшін пайдаланған дәрігер дәрет алған кезде сыртынан мәсіх тарта салатын тері шұлықты осы заманғы спорттық аяқ киіммен ұштастыра білді. Сырттай қарасаң аяқ киімді шешпей оның ішіндегі қабатына мәсіх тартып, дәрет алуға ыңғайлы кроссовка заманауи стил үддесін шыға алған: дизайн, имидж, жоғары технология және функциясы талапқа сай. Оның бұл кроссовкасы әлемдегі ең ірі әрі тарихы терең ислами орталық - әл-Азһар университеті тарапынан мақұлданған екен.

0 пікір
Мұрағат