Мысырлықтардың «мұрты майланатын" болды
Мысырлықтардың «мұрты майланатын" болды
9 ай бұрын 725 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың ушығуына байланысты Қызыл теңіздегі жүк тасымалы, дәлірегі, аталған теңіз айлағына бет алған кемелердегі бір контейнерді тасымалдау құны шарықтап кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Суэц каналы әкімшілігінің жетекшісі Усама Рәбиа мәлімдемесіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Қызыл теңіз айлақтарына жол тартқан кемелер үшін жүк бағасы бір контейнер үшін 6800 долларға дейін көтерілді, ал дағдарысқа дейін олар 750 доллар болатын», - деді Усама Рабия. Ол, сонымен қатар, бункерлік отын мен кемені сақтандыру құнының өсуіне назар аударды. Бұдан бөлек, соңғы уақытта аймақтағы түрлі қақтығыстарға байланысты Суэц каналы арқылы теңіз жүк тасымалының көлемі азайғанымен, Үміт мүйісі арқылы ұлғайған. Қызыл теңіз жағалауының көп бөлігін бақылайтын хуситтердің (Йемендегі «Ансар Алла» қозғалысы) әрекеттеріне байланысты бірқатар жүк тасымалдау компаниялары Қызыл теңіз арқылы тасымалдауды тоқтату туралы шешім қабылдаған еді.  Суэц каналы  - әлемдік сауда-саттық «күретамырларының» бірі, Мысыр экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Әлемдік сауда-саттықтың 12%-ы осы канал арқылы жүзеге асырылады. Суэц каналы арқылы мысырлықтар өткен жылы 10 млрд доллар табыс тапты. Пирамидалар елі билігінің алдағы уақытта аталмыш канал арқылы жүк тасымалының қауіпсіздігі мен әлеуетін арттыру мақсатында канал арнасын ұлғайтуы мүмкін. Суэц каналына қатысты басқа да жобаларды жүзеге асыратыны айтылған хабарда. Осы орайда әдетте құрлықпен жүк тасымалдау су жолдарымен тасымалдауға қарағанда әлдеқайда қымбатқа түсетінін айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат