Мұсылмандарға сиыр етін жеуге тыйым салынды
|
Үндістанның Махараштра штатында сиыр союға және оның етін саудаға шығаруға тыйым салуды қарастыратын заң жобасына байланысты 19 жылға созылған талас-тартыстан кейін ел президенті осынау жанжал туудырған құжатқа қолын қойып жіберді. Үнділер қасиетті санайтын сиырды союға тыйым салуды қарастыратын заң жобасын алғаш рет 1995 жылы парламенті мақұлдаған болатын. Алайда, үкімет оны кейінге шегеріп, президенттің қол қоюына жіберген еді. Билік басына Бхаратия Джанатаның ұлтшыл партиясы келгеннен кейін аталмыш заң жобасы қабылданып кетті. «Бұл шешім бізге ауыр тиейін деп тұр. Өйткені, біз жұмыссыз қаламыз»,- деді Мумбай қаласындағы сиыр етінің саудасынан көш бастап тұрған қауымдастық президенті Мұхаммед Куреши. Оның сөзіне қарағанда, сиыр союға тыйым салынуына байланысты қалған ет түрлерінің, атап айтқанда, қой мен тауық етінің бағалары шарықтайды. «Фермерлерге ірі қараны асырау қиынға түседі, өйткені, оны өз ажалымен өлгенше күтуі керек»,- деді ол сөзін сабақтап. Айта кетейік, Үндістанның Мадхья-Прадеш, Уттар-Прадеш және Раджастхан штаттарында аталмыш тыйым бұрыннан бар. Ірі қара саудасымен айналысатын Аслям КурешиOnIslam.net ақпарат көзінің тілшісіне өзін радикалды буддашылардың ұстап алып, сақалы мен мұртын қырып тастағанына шағымданған. Сиыр саудасымен айналысқаны үшін.