Моңғолдар ауаны ластамас үшін қара көмірді "көгілдір отынға" айналдырады
Моңғолдар ауаны ластамас үшін қара көмірді "көгілдір отынға" айналдырады
15 сағат бұрын 163 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Білікті моңғол мамандары қара көмірді «көгілдір көмірге» айналдыру жолында тынбай еңбектеніп жатыр. «Көгілдір көмірдің» атмосфераны мейлінше аз ластайтыны айтылған хабарламада. Бұл тарапта қытай компаниялары моңғолардарға осы жоба бойынша көмекке келеді. Бұл жайында islam.kz порталы MiddleAsianNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта үкіметтің 2024-2028 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасында және 14 мегажобада «Көмір-химия кешенін» құру қарастырылған. Моңғолия астанасында ауаның ластану деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларды қамтитын бағдарлама аясында Багануур қоңыр көмір кен орнында төмен температурада өңделетін көмір пиролиз зауыты салынады - бұл өндіріс шикі көмірдегі улы қосылыстар мен ұшпа заттардың құрамын азайтуға мүмкіндік береді, ал одан аз эмиссиялы «көгілдір көмір» өндірілетін болады. Министрлер кабинеті бұл зауыттың құрылысын 2025 жылдың екінші тоқсанында бастау туралы шешім қабылдады. Бұл мақсатта Баганур индустриялық-технопарк жұмыс тобы, ұлттық электр энергетикасы ғылымдары институты, Қытайдың Nari Group (NARI) компаниясының еншілес компаниясы Futun әзірлеген көмір пиролиз зауытының технологиясын енгізудің мүмкіндігін зерттеу бойынша бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырады.

Багануура кеніші - қазіргі уақытта ел аумағында жұмыс істейтін ірі көмір шахтасы; ол жылына 3 млн тонна шикізат өндіреді және астана мен елдің бүкіл орталық өңірінің энергетикалық қажеттіліктерін толық қанағаттандырады. Биыл Моңғолия 75 млн тоннадай көмір экспорттады. 

 

0 пікір
Мұрағат