|
Мәсжид-Үлия мешіті Пәкістанның мақтанышы
|
Іргетасы 1889 жылы қаланған Мәжид-Үлия мешіті Пәкістан астанасының федералды аумағында орын тепкен Марғалла жотасының етегінде орналасқан. Туристердің көзайымына айналған әрі сәулетшілердің таңдайын қақтырған бірегей мешіт шағын болғанымен әктен тұрғызылып, қыш тақташалармен көмкерілген. Мешіттің өзгеше сәулетінде османдықтардың қолтаңбасы менмұндалап тұрады. Көне болғанымен өзгеше сәулетімен көз тартатын мешіт әлі күнге сымбатын жоғалтпаған. Яғни, бір ғасырдан астам уақыт сынына төтеп берген мешітке әлі күнге жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Тек 1992 жылы шатыры жаңаланғаны болмаса.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті