Малай, үнді және будда сәулет үлгісіндегі мешіт (фото+видео)
Малай, үнді және будда сәулет үлгісіндегі мешіт (фото+видео)
4 жыл бұрын 3054 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

1728 жылы салынған Кампунг Хулу мешіті будда, үнді және малайлық сәулет үлгілерін қамтыған құлшылық үйі. Малаккадағы ең көне ғимараттардың бірінен саналады. Сырт көрінісінде болсын, ішкі жағы болсын, бірнеше мәдениетті тоғыстырған бұл мешіт тарихы 1390 жылдан басталатын Малайзияның алғашқы астанасында тұрғызылған. Аталмыш мешіт  Малакка билеушісі Парамешуар ханзаданың пәрменімен тұрғызылған. Оның билік еткен тұсында шағын балықшылар ауылы аса ірі халықаралық айлаққа, Оңтүстік-шығыс Азиядағы негізгі сауда орталығына айналады. 1720 жылы басталған мешіт құрылысы табаны күректей сегіз жылға созылып, 1728 жылы аяқталады. Бұл мешітті алғаш көрген адам оның мұсылмандардың құлшылық үйі екенін ажырата алмауы мүмкін. Тек азан шақырылғанда оның мешіт екенін бағамдайды.

0 пікір
Мұрағат