|
Көшеде ауызашар беру әдепкі көрініске айналған
|
Мысырда қасиетті Рамазан айында көз байлана көшелер дастарханға айналады. Дос-жаран бар, құрбы-құрдас бар, тамыр-таныс бар, туған-туыс бар, бәрі көшеде ауызашар жасауға ұмтылады. Әлбетте, ең алдымен иіні жадау, тұрмысы жүдеу кедейлер үшін жайылады дастархан. Олар тек ауызашар жасап қоймай, елде, әлемде болып жаңалықтарымен бөліседі. Күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт тынығады. Бұл жайында Arab News ақпарат көзі хабар таратты. Дастарханға көбіне тауықтың еті, суға бұқтырылып пісірілген күріш, т.б. тағамдар қойылады. Бұл дәстүрден жергілікті христиандар да шет қалмайды. Олар да хал-қадырынша мұсылмандарға дастархан жайып, ауызашар беріп жатады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)