Көліктерді негізсіз тоқтатуға жол бермеуді көздейтін заң мақұлданды
Көліктерді негізсіз тоқтатуға жол бермеуді көздейтін заң мақұлданды
6 жыл бұрын 2903 baq.kz Олжас Сәндібек

Мәжілістің жалпы отырысында көліктерді негізсіз тоқтатуға жол бермеуді және интернет арқылы такси қызметін жүргізетін компаниялардың жұмысын реттеуді көздейтін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

«Заң жобасы жолдарда көлік бақылауын автоматтандыру, жолаушыларды және багаждарды тасымалдау сапасын арттыру, теміржол және теңіз көлігіне тексеріс жүргізу тәртібін жетілдіру, көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігін арттыруды, әрі халықаралық теңіз ұйымы аудитін ескертулерін жою мақсатын көздейді», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, заң жобасы аясында 6 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

«Автожолдарда тексеру негіздерінің тізбесін анықтауды айқындау арқылы бақылау тәртібін өзгерту ұсынылып отыр. Ол көлікті бақылау органдарының көлік құралдарын негізсіз тоқтату тәжірибесін бас тартуына және көлік құралдарын шамамен 100 мың рет негізсіз тоқтатуды алып тастауға мүмкіндік береді», - деді министр.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарынан алынған мәліметтерді интеграциялау арқылы міндетті техникалық байқаудан өтетін көлікті тоқтатпай-ақ тексеруге болатынын атап өтті. 

Оның пікірінше, аталған заң жобасы шекара маңында орналасқан елді мекендердегі жолаушылар тасымалын дамытуды көздейді.

«Түзетулердің бірқатары жолаушыларды сапасын арттыруға бағытталған. Заң жобасында қазақстандық тасымалдаушыларға шекараға жақын облыстың аумағында орналасқан елді-мекендер арасында тасымалдау қызметін арттыруға рұқсат беру ұсынылып отыр. Бұл түзетулерді қабылдау 104 халықаралық маршрут аясында шекаралас облыстардың 300-ге жуық елді-мекендердің жолаушыларын қосымша тұрақты тасымалдаумен қамтамыз етуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Сондай-ақ министр Uber, Yandex пен InDriver сияқты интернет арқылы такси қызметін жүргізетін компаниялардың жұмысы аталған құжат арқылы реттелетінін жеткізді.

«Заң жобасында таксимен жолаушыларды тасымалдау үшін клиенттердің тапсырысын өңдейтін онлайн сервис қызметін заңнамалық деңгейде реттеу ұсынылып отыр. Бұл көрсетілен интернет ресурстарды қатысты нормалар мен шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл мобильді қосымшаларды жиі қолданатын, кемінде 50 мың заңсыз тасымалдаушылардың жолын кесуге ықпал етеді», - деді Жеңіс Қасымбек. 

Осы орайда ол заң жобасында теміржол және теңіз көлігін тексеру тәртібін жетілдіру ұсынылғанын айтты.

«Автомобильдерді пайдалану қауіпсіздігін арттыру үшін техникалық байқау арнайы бағдарлама талаптарын бекіту бойынша жол жүру талабына уәкілетті органдардың құзіретін енгізу ұсынылады. Бұл техникалық байқаудан өткені туралы жалған диагностикалық карталар беру фактілерін жоюға мүмкіндік береді», - деді министр.

Жеңіс Қасымбек кемені тексеруді оңтайландыру мақсатында техникалық байқау кезеңі мен кемені жоспардан тыс тексеру үшін негіздемелердің тізбесін анықтау ұсынды.

«2013 жылдан бастап Қазақстанда цифрлы тахографтарға карталарды дайындау және дербестендіру функциясы бәсекелестік ортаға берілді. Карточкаларды әзірлеу нарығын кеңейту мақсатында сондай-ақ халықарылық тасымалдаумен айналысатын көлік құралдары экипаждарының құралдарын қызметіне қатысты еуропалық келісімнің нормаларын жүзеге асыру үшін заң жобасында электронды карточкаларды цифрлық тахографтарға сертификаттау нормасы ұсынылып отыр», - деп түйіндеді сөзін ол.

Қазақстандықтар тегін қосымша арқылы өзгерте алады

"Электрондық үкімет" порталының MGov қосымшасында 12 қосымша қызмет іске қосылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Енді мобильді қосымшаның көмегімен азаматтар Наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулезге қарсы диспансерден анықтамалар ала алады. Сондай-ақ, некеге тұру туралы қайталама куәлікке өтініш беру, әке болуды анықтау туралы қайталама куәлікке өтініш беру, атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке өтініш беру және некені бұзу туралы қайталама куәлікке өтініш беру мүмкіндігі пайда болды.  Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, Е-Биржа (электрондық еңбек биржасы), мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мекенжай анықтамасын беру (тек Android үшін), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру (тек Android үшін) қызмет түрлері енгізілді. 

0 пікір
Мұрағат