Жаппай кітап оқуды әдетке айналдырып келе жатқан ұлт
Жаппай кітап оқуды әдетке айналдырып келе жатқан ұлт
3 жыл бұрын 2260 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осы сәуір айының 22-і күні Қытайдың ұлттық сауалнама нәтижесі жарияланды: 2021 жылы ел тұрғындарының арасында ересектер мен балалардың қағаз және электронды кітаптарды 2020 жылға қарағанда көп оқығаны анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы Синхауа (新華社) ақпарат агенттіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2021 жылы жан басына шаққандағы қағаз кітапты оқудың орташа мөлшері 4,76, электронды кітаптар 3,3 дананы құрады. Ұлттық деңгейде жүргізілген ауқымды сауалнамаға қатысқандардың 45,6%-ы қағазға басылған кітапты оқуды қолайлы деп есептейді. Өткен жылы сауалнамаға қатысқандардың 77%-дан астамы кітапты қалта телефонынан оқығанын жеткізген еді. Ал 30%-дан астамы кітапты аудиожазбасы бойынша оқитынын, дәлірегі, тыңдайтынын жасырмады. Сондай-ақ, бұл сауалнамада әрбір азаматтың кітап оқуға қанша уақыт жұмсайтынына шейін назар аударылған: 2021 жылы ересек қытай азаматтары күніне 21,05 минутын кітап оқуға жұмсайтын болып шықты, бұл көрсеткіш 2020 жылғысымен салыстырғғанда бір минутқа ұлғайған. Ал оқылған кітаптар саны кәмелет жасына тоолмағандар арасында жан басын шаққанда 10,93 болған, бұл көрсеткіш 2020 жылғысымен салыстырғанда 0,22-ге ұлғайған. Аталмыш сауалнаманы Қытайдың баспа және жарияланым академиясы жүргізген. Бұл тараптағы деректер күллі ел аумағынан, дәлірегі, 30 провинциялық аудандарға қарасты 162 қаладан онлайн және телекоммуникациялық арналар арқылы жиналған.

0 пікір
Мұрағат