|
Жапон тіліне аударылған Құран тұсаукесері өтті
|
Жуырда Иранда қасиетті Құранның жапон тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері өтті. Осынау салтанатты шараға Иранның мәдениет және ислам бағдары министрілігінің жанындағы құран және діни істер жөніндегі депутаты, қайырымдылық жөніндегі мемлекеттік қордың өкілі, мұсылмандардың қасиетті кітабын жапон тіліне тікелей ауударған Татсуичи Савада қатысты. Ол осы уақытқа дейін қасиетті Құранның жапон тіліне 7 түсіндірмелі аудармасының жарыққа шыққанын жеткізді. «Десе де, бұл аудармалар көне стилде жазылғандықтан жас ұрпақ түсіне бермейді. Мен барынша ұғынықты етіп, түпнұсқадан ауытқымай аударуға күш салдым»,- деді ол осы шарада сөйлеген сөзінде.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Микропластик улы заттарды сіңіретін зат тәрізді
■
Tabys Islamic атты шариғи инвестицияға арналған мобилді қосымша іске қосылды
■
Ерлер гормоны соңғы жaрты ғасырда екі еседен аса төмендеген
■
Балалық шақтағы жалғыздық кейін алжу қатерін 40%-ға арттырады
■
Өздігінен көбейе алатын жасанды (синтетикалық) жасуша жасалды