|
Дубайда аса ірі Gulfood 2015 халал көрмесі өтуде
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында аса ірі Halal Food World халал көрмесі өтеді. Айтулы шараға алдыңғы қатарлы тағам өнімдерін өндіретіндер қатысады. Бұл жайында Zawya.com ақпарат көзі хабар таратты. Halal Food World 2015 халал көрмесі Дубай қаласындағы Дүниежүзілік сауда орталығында ақпан айының 8-12 күндері аралығында өтетін болады. Аталмыш көрмеде Lipton, Al Rabie, Del Monte, Knorr және Aujan танымал маркалардың тауарлары жұртшылықтың назарына ұсынылады. Бұл форум аясында шариғат талаптарына сай келетін инвестиция төңірегіндегі мәселелер мен халал нарықтың даму келешегі талқыланады. Бұл көрмені әлемнің 150 елінен 80 мыңнан аса адам тамашалауы мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды