Жаһандық жылынудан азот таусылып барады
Жаһандық жылынудан азот таусылып барады
3 жыл бұрын 1387 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сарапшылар күллі әлем бойынша экологиялық жүйеде азоттың күрт тасуылып бара жатқанынан алаңдаушылық білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science мерзіді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар бұл тенденцияны салдары ұзаққа созылатын климат өзгерісімен байланыстырып отыр. Мэриленд университетінің қоршаған ортаны қорау жөніндегі ғылыми орталықтың ландшафтық экология профессоры әрі Ұлттық әлеуметтік-экономикалық орталықтың (SESYNC) өкілі Эндрю Элмордың мақаласында әлем бойынша азот тапшылығы мен оның ауыр салдары туралы деректері келтірілген. Аталған зерттеуге атсалысқан Рейчел Мейсон есімді ғалымның айтуынша, әлемде азот тапшылығымен қатар қоршаған ортаның азотпен қатты ластанғаны да бұл тараптағы проблеманың күрделі сипат алғанын көрсетеді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында реактивті азоттың молынан пайдалануынан экологиялық жүйеге орасан зор залал келген. Бұл жайт өз кезегінде оттегі деңгейі өте төмен өлі аймақтардың ауқымын ұлғайтып, зиянды балдырдың көптеп өсуіне жағдай жасауда, соның кесірінен биологиялық әр алуандылыққа қатер төніп тұр. Бүгінгі таңда адамзат экологиялық жүйедегі азоттың шектен тыс жиналған мөлшерін азайтуға баса мән беріп отыр, ал ғалымдардың мақаласы өзге салаларда өмірлік маңызы зор элементтің кемуіне байланысты орын алатын антропогендік қысымнан пайда болған кері тенденцияны күшейтуге бағытталған. Әлбетте, бұл проблема да адамзаттың қазбалы байлықты игеру мен тұтынуына байланысты орын алып отыр.

Азот- жердегі ең маңызды элементтердің бірі: ол ауаның ннеггізгі компоненттерінің бірі, ақуыздың негізгі құрылыс блогы, адамзатты асырап отырған ауыл шаруашылығына арналған тыңайтқыштың маңызды ингредиенті. 

0 пікір
Мұрағат